Бернд Шторк Қазақстанның жастар құрамасының аға жаттықтырушысы болып тағайындалды (U-19)

02.03.2011, 22:53
Бернд Шторк Қазақстанның жастар құрамасының аға жаттықтырушысы болып тағайындалды (U-19)
Жоба өткен айдан бастап қолға алынып, қазіргі таңда футболистердің физикалық және тактикалық мәліметтеріне анализ жасалынып, баға берілуде. Жаттықтыру барысы анализделу мен қайтаөңделуде, медициналық бақылау жүйесі күшейтілуде. ҚФФ мен «ЦЕСНА» ФК өкілдерінің пікірінше БЕРН Шторктың жұмысы осы жоба бойыншат жаттықтыру мен селекцияға өте қабілетті, және де тренердің команда арасындаға қатынасты толықтай қамтамасыз ете алады. Қазақытанның Футбол Федерациясы мен «ЦЕСНА» футбол клубы бірлесе отырып 2012 жылға жоғары талапта резервке U-19 жастар құрамасын дайындауға арнайы жоба құрастырғаны жайлы жариялады. Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы болған Бернд Шторк қазіргі уақытта (U-19) жастар құрамасының аға жаттықтырушы және «ЦЕСНА» футбол клубының техникалық директоры қызметін атқаруда. ҚФФ мен «ЦЕСНА» ФКжағынан жасалынып отырған жоба келешекте жастар футболын дамытып қана қоймай, отандық футболдың сапасы мен натижелілігін арттыруға үлкен қадам болып саналады. Жобаны ұйымдастырушылардың алдына қойылған негізгі тапсырма – ол 2012 жылға 1994 жылы туған талантты ойыншылардың басын біріктіре отырып U-19 ҚР құрама командасының базалық жиынтығын құру. «ЦЕСНА»ФК базасы бойынша Клубка катысты келесі ресурстар қолданылады: инфроқұрылым, оқу-жаттығу базасы, медициналық бақылау бойынша бағдарлама, сондай-ақ кәсіби жаттықтырушылар жасақталған команда, дәрігерлер мен басқару топ. Жобаның мақсаты – 2012 жылғы іріктеу кезіңінің нәтижесі бойынша 2013 жылы жоғары деңгейдегі Еуропа Чемпионатына U-19 ҚР Құрамасын шығару. Тапсырманың тағы бір бөлімі, 2011жылдан бастап Қазақстанның бүкіл өңірінен 1994 жылы туған талантты жастарды дайындауға кірісуді бастап кетуі керек. Мониторинктік кешенді жүргізу мен әр футболист жайлы барлық мәліметтерді қамти отырып футболистерді бақылау, спорттық және медициналық көрсеткіш бойынша анализ, дараланған жұмыс бойынша ұсыныстар тізімін жасау. Сонымен қатар, толық мүмкіндіктегі ойын мен жаттықтыру кезеңдері, медициналық жірдем көрсету мен жоба барысындағы барлық ауқымдағы бақылаулар уақытында қамтамасыз етілуі керек. Виктор Катков, ҚФФ Вице-президенті: - Қазiргi футболдың күйi өте жоғары деңгейдегі кәсіби шеберлігі бар жоғары мамандандырылған резервке ие болуды талап етеді. Бұл бүгінгі таңда еліміздегі маңызды сұрақтардың бірі. Бұл тұрғыда біздің жас футболистерді даярлаудағы жұмысымызға қатысын айтатын болсақ, әлемнің үздік тәжірибелерін пайдалана отыра футбол төңірегіндегі ең жақса көрсеткіштердің нәтижесін зерттеп, сол бағытқа бет алуымыз керек. Берд Шторкты U-19 ҚР құрамасына аға жаттықтырушы қылып , жұмыс мерзімін жалғауға шығарылған шешім жастар командасын келешекте биік мұраттарға жеткізер деген үмітпен шығарылып отыр. Ол қазақстандық футболдың қыр-сырын жақсы біледі. Жастардың қабілеттігін жақсы тани біліледі және біздің ойыншылар мен жаттықтырушыларға пайдасы тиетін арнайы тәжірибеге ие. Біз мынаған сенеміз, Берндтің жоғары дарежедегі тәжірибесі мен еңбексүйгіштігі біздің жобамызға сай келешекте жақсы натиже көрсетеді деп. Бүгінгі таңда аңгіменің өзегі болып отырған қабылданған шешім ҚФФ пен «ЦЕСНА» ФК арасындағы U-19 ҚР жастар құрамасы жұмыстары бойынша бірігіп атқарып отырған табысты іске асырулар болып табылады. U-19 Құрамасы бойынша жоба біздер үшін жастар футболын ғана емес, жалпы отандық футболды да дамытуда маңызды сұрақтардың бірі болып табылады. Бұл жоба бойынша алдымызға қойып отырған басты тапсырма – Қазақстанның бүкіл өңірінен 1994 жылы туған талантты жас футболистердің басын біріктіре отырып, қалағңан дәрежеге қол жеткізетін және жастар құрамасын,сондай-ақ еліміздің ұлттық құрамасын биік дәрежеге көтеретіндей етіп қалыптастыру. Бұл бiздiң жұмысымыздың сапалы деңгейі және Қазақстандағы жастар футболын дамытудағы сұраққа жауапты жол. Жобаның барлық сатылары жоспарланған және әлемдік тәжірибелер мен ғылыми ұстанымдар қамтыла отырып, әр футболис пен жалпы команданың дамуы қарастырылған. Команда «ЦЕСНА» футбол клубының жүйесінде дайындалады. Себебі клуб қажетті инфроқұрылымдарға, кәсіби жаттықтырушылар тобына, дәрігерлер мен басқарма құрамына ие. Биылғы жылы қабілеті жоғары ойыншылар іріктелініп, құрама ойыншыларының базалық командасы құрылады. Федерация жақтан жобаның іске асуына қатаң бақылаулар жасалса, сол уақытта «ЦЕСНА» футбол клубы іске асыуына жауап беретін болады. Хаким Хасанов, «ЦЕСНА» футбол клубының бас директоры: - «ЦЕСНА» футбол клубы инфроқұрылым жоспары мен даярланған мамандарымен қашанда дайын. Бізде кәсіби жаттықтырушылар құрамы мен мамандандырылған медиктер командасы (олар физиотерапевт, хирург, травматолог, клиникалық фармаколог, психолог және спорттық медицина мамандары), арнайы білім мен үлкен жобалар мен командаларда жұмыс тәжірибелерімен даярланған функционалды мененджерлер командасы қызмет етеді. Біз бұрыннан өз мүмкіндігімізді пайдалана отыра футболистерді тәрбиелеуге кірісіп кеткен болатынбыз. Біз ылғыйда өз мүмкіндігімізге лайықты әлемдік тәжірибелерді қолдануға тырысамыз. Біз өз дамумызда қарқынды қадаммен алға жылжудан қорықпаймыз. Жаттығу барысын қалыптастыру үшін бүгінгі таңда бізде практикалық және теориялық білім көздері бар. Біз әр спортсменге физикалық дайындығын бақылай отыра, антропометрияны, оның психологиялық және функционалдық жағдайын,координация көрсеткіші мен физикалық ауыртпашылығын көтеруді, қан құрамындағы лактата мөлшері мен т.б. жағдайларын қарастыра отырып дигноз жүргіземіз. Тағы да, U-19 күштi жастар командасын құрастыру бойынша жоба тұжырымдамасы «Цесна» футбол клубiнiң мүмкiндiктерiмен толық дәл келедi. Бiз, бұл жоба барлық кезеңдерiнде бапкер жұмысының барынша тиiмдi схемасына сай келуін, бапкер командамен нон-стоп тәртiпте жұмыс iстеуге мүмкiншiлiгi болуын ойлауға тырыстық. Бiз «Цесна» футбол клубiндегi Техникалық директор позициясындағы Бернд Шторктың тәжiрибиесі мен дағдарлы жаттығу процессi айтылғандардың iшiнен барынша тиiмдi мүмкiндiк беретiнiн және U-19 командасының биiк нәтижелерiнiң табысты мүмкiндiктерін туғызатынына сенеміз. Бернд Шторк, (U-19) Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы және «ЦЕСНА» ФК техникалық директоры: -Қайырлы күн, қымбатты достар! Қазақстанға мен ойлағанымнан бұрын қайтып оралдым. Кетпес бұрын кездесу өткізгенімізде мен Қазақстанның маған ұнайтындығын, бұл елді және оның халқын сүйіп қалғандығымды айтқан болатынмын. Оның үстіне U-19 құрамасының жобасы да басты себеп болып отыр. Бұл мен үшін өте қызықты жоба. Менің жұмысым келешекте «Цесна» ФК бірлесе отырып жақсы команда құрумен байланысады, және де бүл жас мөлшерін қамтый отырып немістік бундеслига негізінде Клубта жаттығу барсысын ретке келтіру. Бұл жобадағы жұмыстар жастармен жұмыс істейтіндерге және басқа да үлкен клубтар үшін үлгі бола алады. Сонымен қатар бұл тәжірибемен бөлісуге келешекте дайын болатын боламыз. «ЦЕСНА» футбол клубының техникалық директоры қызметін атқару барысында, мен «ЦЕСНА» клубындағы барлық жас мөлшеріндегі жаттығу үрдісіне жауап беретін болам. Биылғы жылы менің көздеген мақсатым – ол1993-1994 жж.т. ойыншылардан құралған жақсы команданың сапын жинастыру. Сондай-ақ 2013 жылғы Европа Кубогы финалды раундына U-19 командасын шығару. Мен бол жобадан үлкен келешек көріп тұрмын. Мен екі апта бұрын клубтарды бақылап, өз бағамды беру үшін келдім. Ал қазыр ЦЕСНА клубінде Қазақстанның Футбол Федерациясымен бірлесе қызмет ете отырып бұл жұмысты бастайтын уақыттың нақты кезеңі». Бұдан соң жиналған журналистердің сауалымен жалғасты. -Катков мырзаға сұрақ. Виктор Георгиевич, жастар құрамасында Берд Шторгқа кімдер көмекшілік қызмет атқаратын болады? - Бұл жөнінде біз сіздерге екі аптадан соң хабарлайтын боламыз. Көмекшілік қызметке үміткерлерді таңдауды Шторк мырзаның өзіне жүктедік. - Маған қатысты жайтты айтар болсам , менің штабымда фитнеске қатысты мамандарда болатын болады, олар құрама мен «ЦЕСНАНЫҢ» жұмысына жауап беретін болады,- деп Шторктің өзі сөз алды.- ол жастарды сынық тесттен өткізіп қана қоймай, академияның бүкіл футболистерінде сынайтын болады. Ол Германиядан келген маман. - Қазанда айында өткен қоштасу пресс-конференциясынан соң қазақтың ұлттық костюмы тарту етілген болатын. Оны сіздің жанұяңыз қалай бағалады? - Оларға Қазақстанның Футбол Федерациясы тарту еткен шапаны өте қатты ұнады. Бұл жерде маған менің жанұмның жеткіліксіз болары аның, бірақта олар менің жұмысыма аса түсінікпент қарайды, мен олардың демеуін қашанда сезем. Ал ұлттық киімге келер болсақ, ол менің үйімде арнайы лайықты орында сақталуда. Керек десеңіз мен оны киген кезде тіпті менің достарым мені танымайда қалды. - Бос уақыт аралығында немен айналыстыңыз? -Аздап дем алдым, сосын білімімді толықтырумен айналыстым. Германиядағы көптеген жаттықтырушылармен аңгіме-дүкен құрдым, Луй ван Голлдың қасында «Баварияда» екі апта болдым. «Шальке»-04 лагерине де барып қайттым. - U-17 жастар құрамасы «Оле Бразил» академисына қарсылас болып ойнаған ойынын бақылаған кезде сіздің мақсатыңыз қандай болды? - «Оле Бразилде» 19 жасқа шекті кандидаттардың қатары көп. Сіздерге айтайы, шамасы 5 футболист мені қатты таңдандырып, ұнап қалды. - Бұл жастар құрамасына шыққан 17 жастағы өткен жолдамада ойнаған балалар болатын,- деп ҚФФ вице-президенті Виктор Катков айқындай түсті. – Футболда ең маңыздысы селекция, ұрпақтардың мирасқорлығы, дұрыс жүйе. Ал өткен жолдамада U-17-де ойнаған ойыншылар енді 19 жастағы құраманың қатарына өтеді. Сапалы селекция және кезеңдiлiк барлық жерде болуы керек. - Шторк мырзаға сұрақ: өткен жұмыстағы қандай қателіктеріңізді басып айтып, келешекте қайталамауға дайынсыз? - Біз ешқандай есеп жыйнап, еш гол соға алмадық, бұл бізідң басты қателігіміз. Дегенмен де, біз жақсы ойын ұйымдастыруды көрсете білдік. Тағы да, үлкен көлемде жұмцс атқара білдік, қазыр құраманың жас футболистері Ұлан Қонысбаев пен Сергей Хижниченко өздеріне сенімді позицияны ұстануда.Бұл соның жемісі. Келешекте бес жылдан соң өткен жастар құрамасының оритасынан айтеуир біреуі ұлттық құрамасының сапында ойнайтын болады, сол кезде естеріңізге быс жыл бұрын оыслайдеп бір жаттықтырушы айтқан еді деп естеріңізге алатын боласыздар. Оған сенімдімін. КФФ сайтынан
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×