Meta-ratings.kz сайтына бегілі болғандай, Беларусь Жоғарғы лигасының резерв командалары арасындағы кездесуде «Ислочьте» өнер көрсететін қазақстандық 20 жасар шабуылшы Матвей Герасимов жарақат алып, шамамен екі айға қатардан шығып қалды.
«Неман 2» мен «Ислочь 2» арасындағы 7-тур матчының бірінші таймында Матвей қайшылап доп тебу барысында сәтсіз құлап, жарақат алып, нақтырақ айтсақ, білек сүйегін сындырып, 13 минутта алаңдағы орнын әріптесі Андрей Коломацкийге босатып беруге мәжбүр болды. Білек сүйгінің сынуынан кейін форвард шамамен екі ай бойы жасыл алаңда көсіле алмайды.
Ал аталған ойын 1:0 есебімен «Неман 2» командасының жеңісімен аяқталды. Герасимов болса бес ойында бес гол соғып, чемпионатты тамаша қарқынмен бастаған еді. Сонымен қатар «Ислочьтің» негізгі командасы сапында да екі ойынға қатысып үлгерді.
Біздің серіктес: FONBET