Борисовтің «БАТЭ» командасының баспасөз-қызметі Оралхан Өміртеавтың биылғы чемпионаттағы өнеріне баға берді.
«Оралхан Өміртаев – 2024-жылғы чемпионатта қосалқы құрамнан шығып салған голдарының көрсеткіші бойынша үздік футболшы!
30-турдағы «БАТЭ» - «Сморгонь» кездесуінде біздің команданың қазақстандық шабуылшысы биылғы біріншілікте қосалқы құрамнан шығып өзінің сегізінші добын соқты. Сонымен осы көрсеткіш бойынша жоғарғы дивизонда биыл үздік болып, жодинолық «Торпедодағы» әріптесі Максим Скавыштен озып кетті. Оның еншісінде 7 дәл соққы.
Осы сегіз голының бесеуін Оралхан «БАТЭ» сапында салса, тағы үшеуін «Слуцк» жейдесінде соққан. Ал жалпы 2024-жылғы чемпионатта қазақстандық ойыншы 10 рет мергендік танытқан: «сары-көктер» қатарында 6 доп және тағы төрт голды слуцкіліктер сапында салды.
Сондай-ақ, Өміртаев алты добымен биыл «БАТЭ» жейдесіндегі негізгі сұрмерген атанып отыр. Шабуылшының біздің командаға тек тамыздан бастап келгенін де ескеру керек. Биылғы чемпионатта 10 нәтижелі соққысымен үздік ондықтың қатарына да кіргенін қоса кетейік.
Бір қызығы, Өміртаев сол Скавыштың қосалқы құрамнан шығып салынған голдарының рекордын қайталады: Скавыш 2018-де «БАТЭ» жейдесінде өнер
көрсеткенде дәл осылай 8 доп соққан еді», - делінген клуб баспасөз-қызметінің хабарламасында.
Оралхан Өміртаев «Слуцк» пен «БАТЭден» бөлек Қазақстанда «Ақжайық», «Шахтер», «Тобыл» мен «Атырау» командаларының қатарында доп тепкен болатын.
Біздің серіктес: FONBET