"Тараз" Қазақстан Премьер-лигасының оныншы туры қарсаңында "Астананы" қабылдады. Матч Тараздағы Орталық стадионда өтіп, 0:1 есебімен елордалық клубтың пайдасына аяқталды.
Ойындағы жалғыз әрі жеңісті гол 34-минутта соғылды. Шабуылды бастаған "Астана" клубының қорғаушысы Кадете Барсегянға пас берді. Ал Барсегяннан пас алған Абзал Бейсебеков айып алаңның сыртынан тамаша соққы жасап, есеп ашты.
Бұл жеңістен кейін Андрей Тихонов шәкірттері 26 ұпаймен алғашқы орында қала берді. Қоржынында 17 ұпайы бар "Тараз" төртінші орынға сырғыды.
Біздің серіктес: FONBET