- Бауыржан, Андорра құрамасының ойынын тамашалаған шығарсыздар. Бапкерлер де айтқан болар. Қарсыластың қай тұсынан сескенесіз?
- Қарсыласты зерттедік. Бапкерлер олардың қателерін ашып берді. Бастысы кездесудің нәтижесі біз үшін қатты маңызды. Жеңіске жету үшін өзіміз ойынымызды дұрыстауымыз керек.
- Осыған дейін құрама сапында гол соғып, соңғы ресми матчтардың қаһарманы атандыңыз ғой. Бұл жолы гол соғуға деген ынтаңыз қалай?
- Әрине, шабуылшы болған соң негізгі мақсатым - гол соғу. Бірақ, ең бастысы гол соғу емес, команданың жеңісі. Мен сол үшін көмек жасасам болар еді. Ал гол соқсам тіпті жақсы болар еді.