
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы капитанының жуырда ғана "Қайратпен" арадағы келісім-шарты аяқталған болатын. Биылғы маусымнан кейін Тараз футбол мектебінің түлегі өз күшін өзге біріншілікте сынап көргісі келетіндей...
Kozhakhmet_inside-тің хабарлауынша, қазір 26 жастағы жартылай қорғаушыға Мәскеудің "Локомотив" клубы тарапынан ұсыныс бар. Трансфер төңірегіндегі нақты ақпарат алдағы уақытта белгілі болмақ.
Айта кетейік, Бауыржан Исламхан 2013-2014 жылдары Краснодардың "Кубань" командасында өнер көрсеткен еді.
Шамкен БАЙЫРБЕК.
Біздің серіктес: FONBET