Бас бапкер: Қазақстан құрамасының қатарында доп тебетін мүмкіндігін азайтып алды. Игорь Шатский құрамаға ойнамай ма?

Бүгін, 16:58

Әли Әлиев Қазақстан құрамасына футболшыларды қалай іріктейтіні жайында айтты. Құрама бас бапкері сондай-ақ, осыған дейін нөмірі бірінші қақпашы болған Игорь Шатскийге де тоқталған болатын.

Бас бапкер: Қазақстан құрамасының қатарында доп тебетін мүмкіндігін азайтып алды. Игорь Шатский құрамаға ойнамай ма?
Игорь Шатский

“Игорь Шатскийдің қосқан үлесі қомақты. 2023-жылы қыруар шаруа атқарды құрама үшін. Өкінішке қарай, Бірінші лигаға ауысқан соң, Қазақстан құрамасының қатарында доп тебетін мүмкіндігін азайтып алды. Біздің бірінші лигаға деген барша құрметпен, онда Игорь қажетті бәсекелестік көре алмайды. Салдарынан бар шеберлігін паш етуіне мүмкіндік таппайды деген сөз. Ал бар тәжірибеге сүйеніп құрама жейдесінде шығудың кері әсері болуы кәдік. Сондықтан, тағы да қайталап айтамын, ұлттық команданың есігі барлығына бірдей ашық. Кім өзін жақсы қырынан көрсете алады, біз барлығын жіті қадағалайтын боламыз. Маған ешқандай лига маңызды емес, барлығына бірдей зер салып, стиліме келетіндерді іріктеймін», - деді Ә. Ханәлиұлы.

Айта кетсек, Қазақстан Әли Әлиевтің бас бапкерлігімен ӘЧ-2026 аясындағы іріктеу кезеңінің ойындарында өнер көрсетпек. Алғашқы қарсыластар Лихтенштей мен Уэльс. Қазақстан іріктеу турниріндегі жорығын наурызда бастайды. Ұлттық команда J тобында Бельгия, Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейнмен таласады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×