«Барселонада» қандай өзгерістер болады?

Месси қалатын болды, ал Суарес кетуі мүмкін.
«Барселонада» қандай өзгерістер болады?

Каталондықтардың «Баварияға» қарсы сенсациялық жеңілісі (2:8) «Барса» құрамындағы көптеген өзгерістерге алып келді. Әсіресе 30 жастан асқан ойыншылар үшін. Клубтан кететіндер бар, бірақ Куман келгеннен кейін көп ойыншылар қалуды шешті. Мүмкін жаңа жаттықтырушы команданың ойынын жақсы жаққа өзгертетін шығар.

Командадан кім кетеді?

Луис Суарес


Уругвайлық шабуылшы "Барселонаға" ауысқаннан бері оның кетуі бұқаралық ақпарат құралдарында осы трансферлік терезедегідей байыпты талқыланған емес. Суареске басты үміткер - туриндік «Ювентус».

Италиялық команда 33 жастағы шабуылшы үшін ақша төлегісі келмей отыр: егер ол командадан еркін агент ретінде кететін болса, «Ювентус» басшылығы каталондықтарға Суарестің ойнағаны үшін түрлі бонустар ұсынуға дайын, деп мәлімдеді белгілі инсайдер Джанлука Ди Марцио.

Италиялық әріптесінің ақпаратын Гильем Балаге өзінің Twitter парақщасында растады, Уругвайлық ойыншы "Ювентуспен" келісімшарт жайлы келісіп қойғанын айтты; Суареске клубымен келісімшарттың тоқтатылуын күту ғана қалды.

Сондай-ақ, «Барселона» келісімшартты біржақты бұзғысы келсе, Суареске 14 миллион еуро төлеуі керек екендігі хабарланды. Шабуылшыға жалғыз «Ювентус» үміткер болса, таңқаларлық жағдай болар еді: «Атлетико Мадрид» те "Эль Пистолероға" қызығушылық танытқан. Бұл, әсіресе, Альваро Моратаның Мадридтік клубтан кетуі мүмкін деген қауесеттің аясында орын алып отыр.

Алайда, жақында Суарес Instagram парақшасында: «жалған жаңалықтар шығып жатқанда...», - деп жазған болатын. Оның бұл сөздерін әр түрлі түсіндіруге болады.

Жақында ESPN арнасы Суарес пен Видальдың бөлек жаттығып жатқанын хабарлады. Алайда, бұл әңгіме өтірік болып шықты: екі ойыншы да жалпы топта жұмыс істеген екен.

Суарестің қалу ықтималдығы әлі де жоғары. Оның орнына «Барселона» Лаутаро Мартинесті сатып алғысы келеді, бірақ жақында «Интер» вице-президенті Хавьер Занетти келіссөздердің жүргізілмей жатқанын растады. Егер Куман Суарестің орнына Гризманнды немесе Депайды қолдана бастаса, бұл таңқаларлық жағдай болайын деп тұр: екеуі де орталық шабуылшы емес.

Суареске қатысты жағдай әлі де түсініксіз. Куманның команданы жасартқысы келетінін ұмытпауымыз керек; сонымен қатар голландиялық бапкердің уругвайлық шабуылшыға сенбейтінін айтқандығы туралы да хабарланды.

Артуро Видаль


Видальдың "Барсадан" кетуге қарсы еместігі белгілі. Бір апта бұрын ол Андреа Пирлодан қоңырау түссе қуанышты болатынын айтқан еді: «Егер ол немесе «Ювентус» басшылығы маған қоңырау шалса, мен бақытты боламын».

Алайда бұқаралық ақпарат құралдары Чилилік ойыншының болашағын "Интермен" байланыстыруда. Sky Sport Italia хабарлауынша, Антонио Конте Видальды өзінің клубында көргісі келеді. Бапкер «Ювентуста» ойыншымен бірге жұмыс жасап үлгергенін де айта кеткен жөн.

Журналист Николо Шира Видаль Италияға еркін агент ретінде ауысады деп хабарлады; келісімшарт 2+1 схемасы бойынша жасалады, ал ойыншының жалақысы жылына 6 миллион еуроны құрайды.

Одан бөлек, Видаль келісімшартты бұзғаны үшін "Барселонадан" жылдық жалақы талап етті, бірақ клуб бас тартты, деп хабарлайды La Gazzetta dello Sport. Каталондық командада екі маусым бойы Артуро ешқашан негізгі ойыншыға айналмағанын және тәжірибенің жоқтығына бірнеше рет шағымданғанын ескерсек, Видаль клубтан кететін шығар.

Жаңа маусымда Видальды жас ойыншылардан команда жасақтайтын "Барсаның" негізгі ойыншысы болады деп айту қиын.

Самуэль Юмтити


Юмтити де «Барселонадан» тегін кете алады, деп хабарлады Mundo Deportivo басылымы. "Барселона" жалақы қорын түсіруге ниетті, сондықтан көп жалақы алатын ойыншыларды жіберуге дайын.

Журналист Джанлука Ди Марцио Юмтити Мемфис Депайдың орнына "Лионға" ауысуы мүмкін дейді. Бірақ жақында "Лионның" спорт директоры Жуниньо Пернамбукано "Лионның" француз қорғаушысының жалақысын төлей алмайтынын айтты.

Юмтити соңғы екі маусымда Ла Лигада тек 27 матч өткізді және бұның екі себебі бар - жиі жарақат алу және командаға Клеман Лангленің келуі. Лангле сол жақтағы орталық қорғаушының орнын ешкімге бергісі келмейді.

Кім қалады?

Филиппе Коутиньо


Енді бразилиялықтың "Барселонада" қалатындығына ешқандай күмән жоқ. Бұл туралы ойыншының агенті Киа Джурабчиан TalkSport радиосына берген сұхбатында айтты. Ол Куман Чемпиондар лигасының финалынан кейін бірден Коутиньоға қоңырау шалып, оның оралуын күтіп отырғанын айтқан. Оның үстіне, Коутиньо өзінің формасын жоғалтпау үшін командаға мерзімінен бір апта бұрын оралған.

Ойыншының өзі "Барселонадағы" орын үшін күресуге құлшынып отыр. Сондықтан оны клубта қалады деп сеніммен айтуға болады.

Антуан Гризманн



Француз 48 ойында 15 гол және 4 пас беріп, мансабындағы ең нашар маусымдардың бірін өткізді. Ол маусымның көп бөлігінде шабуылдың сол қапталында ойнады. Антуанмен бұл қапталға таласатын Дембеле де жоқ.

Мұндай жағдайда кету туралы ойлану қиын. «Гризманн «Барселонадан» кеткісі келді, бірақ Куман оны командада қалуға көндірді», - деді ойыншының бұрынғы агенті Эрик Олатс. Қалай көндірді? Барлығы қарапайым: ол ойыншыны сол қапталда ойнатпақшы.

"Арсенал" мен "Ливерпульдің" қызығушылығына қарамастан, француз командада қалу туралы шешім қабылдады.

«Мен «Барселонада» жақсы ойнап жатырмын және клуб пен бапкердің сеніміне ие екенімді білемін, сондықтан мен өзімді осы жерде жақсы сезінемін. Бұл барлық адамдар үшін өте қиын маусым болды, енді біз бәрін басынан бастадық», - деді Гризманн

Сондықтан, Жерар Пике айтқандай, «se queda», яғни «ол қалады».

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.5
П2
8.95
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.977
Ничья
3.995
П2
3.71
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.915
Ничья
3.95
П2
3.99
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.509
Ничья
4.945
П2
6.22
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.315
Ничья
3.62
П2
2.233
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.394
Ничья
3.81
П2
2.894
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
4.025
Ничья
3.79
П2
1.946
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.087
Ничья
14
П2
29
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.691
Ничья
4.48
П2
4.735
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.153
Ничья
9.2
П2
20
Aladop Youtube
×