!["Барселона" жаңа қорғаушымен толықты](https://aladop.kz./cache/imagine/1200/uploads/post_items/2019/08/04/c97811125830cc304a1c000816c886fc.jpg)
«Барселона» өтемақысы 200 млн еуроны құрайтын қорғаушыны сатып алды.
Сол қапталда өнер көрсететін испаниялық қорғаушы Хуниор Фирпо ресми түрде «Барселона» ойыншысы атанды. "Бетис" сапында өнер көрсететін футболшымен келісім-шарт мерзімі 5 жылға, яғни 2024 жылдың жаз айына дейін жарамды. Трансфер құны 18 миллион еуро және тағы 12 миллион еуро бонус ретінде қарастырылған.
Ең қызығы, 22 жастағы ойыншының төлемақысы 200 миллион еуро болмақ.
Фирпо 2014 жылдан бері «Бетистің» намысын қорғап келеді. Онымен қоса, осы жазда Испания U21 жастар құрамасының сапында Еуропа Чемпионатын жеңіп алған.
Айта кетейік, бұл жас футболшының позициясында негізгі құрамда Жорди Альба ойнайды.
Біздің серіктес: FONBET