
Каталондық клубтың бас бапкері Ханс Флик бразилиялық «Сантостың» шабуылшысы Неймарды клубқа қайтаруды қажет деп есептемейді.
Бұл туралы Sport.es мәлімдеген.
Неміс маманы бразилиялық физикалық дайындығы жалпы қазіргі деңгейіне күмәнмен қарайды. Оның үстіне, клуб Неймар жөніндегі ресми ұсынысты әлі талқыламаған да көрінеді.
Тағы бір маңызды фактор – клубтың қаржылық тұрақсыздығы. «Барселонаның» жазғы трансфер нарығына бөлетін бюджеті қанша болатынын әлі күнге дейін белгісіз болуда.
Неймардың басты мақсаты – «Барселонаға» оралу екені бұрын да айтылып жүрген болатын. Жарақаттан көз ашпаған танымал футболшы бабына келіп, бұрынғы командасына қосылуға ниетті екенін де жасырмайлы.
Бразилиялық жартылай қорғаушы «Сантос» сапында 7 ойында 3 гол соғып, 3 ассист берген.
Біздің серіктес: FONBET