«Барселона» Мессиді тегін жібермейтінін мәлімдеді

29.08.2020, 07:19
Бартомеудің келесі жылы клубтан кететіні анық. Одан да осы жылы кеткені дұрыс секілді. Есесіне, Месси клубта қалар еді.
«Барселона» Мессиді тегін жібермейтінін мәлімдеді

Аргентиналық футболшы Лионель Месси «Барселонаның» басшылығымен кездесу өткізіп, командадан дау-жанжалсыз кеткісі келетінін айтқан.

Журналист Гильема Балагенің мәліметінше,  «Барселонаның» басшылығы футболшымен кез-келген уақытта кездесуге дайын екенін, алайда оның командадан кетуі жайлы сөйлеспейтінін жеткізген. 

«Барселона» көшбасшы футболшысының командадан кетпеуіне бар жағдайды істеуге, әйтпеген жағдайда оны келісімшартта көрсетілген 700 миллион еуроға жіберуге дайын. 

Тіпті, Мессиді командада қалдыру үшін Бартомеудің өзі клубтан кетуге дайын екен. Келесі жылы наурызда президент сайлауы өтеді. Егер Бартомеу Мессиді клубта қалдыра алмаса, сол сайлауда оның асығы алшысынан түсуі екіталай.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×