"Барселона" - "Ливерпуль": статистика мен қызық деректер

30.04.2019, 20:40
"Барселона" - "Ливерпуль": статистика мен қызық деректер
 Биыл кəртамыс құрлықтың басты клубтық бəсекесін дəл осы жартылай финалдық дуэльде жеңгені алуы бек мүмкін. Оның үстіне екі клуб та өз тарихтарында Чемпиондар лигасында бес реттен жеңімпаз атанған. Сонымен, 6 рет чемпион атануға кімнің мүмкіндігі жоғары?  Осымен араға 10 жыл салып жартылай финалда жолдары түйісіп отырған "Барселона" мен "Ливерпуль" арасындағы  текетірестің тарихы бай, əрі қызыққа толы. "Барса" жартылай финалға араға 4 жыл салып қайта оралса, "Ливерпуль" екінші жыл қатарынан осы сатыға сүрінбей жетіп отыр. Екі ұжым бүгінге дейін бір-бірімен 8 рет жолыққан. Оның 3 -еуінде ағылшын клубы, 2-еуінде испан клубы жеңген-ді. Қалған 3 матчта тең тарқасқан. "Блауграна" футболшылар "Энфилдте" өткізген соңғы 2 ойында ұтылмаған. Ал "Ливерпуль" болса "Камп Ноудағы" барлық 4 матчта да (2 жеңіс, 2 тең ойын) жеңіліп көрмепті. Яғни, сырт алаңдағы ойын сериялары сəтті аяқталуда.  "Барселона" Каталония клубы плей-офф кезеңінде 2012-13 жылы маусымда "Бавариядан" 0-3 ұтылғаннан бері үзіліссіз 13 ойын бойы жеңіске жетіп келеді. Жалпы Чемпиондар лигасында топтық кезеңді қоссақ 2013 жылдың қыркүйегінен бері жеңіліссіз сериясы 31 ойын. Оның 28-ін ұтса, 3 тең түскен. "Ливерпульмен" өтетін тартыстағы "Барселонаның" соғылған голы клуб үшін дода тарихындағы 500 нəтижелі соққы болмақ.  Тағы бір қызығы, "Барса" биылғы Чемпиондар лигасында əлі жеңілмеген (7 ұтқан, 3 тең түскен) жалғыз команда. "Ливерпуль" "Ливерпуль" командасы испан клубтарымен өткізген соңғы 8 матчта тек бір-ақ жеңіске жеткен.(2 тең ойын, 5 жеңіліс).  Соңғы рет 2015-16 жылғы Еуропа лигасының 1/2 сатысында "Вильярреалдан" басым түсіпті. Ал соңғы рет бұл елге 2017-18 жылғы маусымда келіп, "Севильямен" 3-3 болып тең тарқасқан. Екі клуб арасындағы байланыс "Барселона" 2014 жылы Луис Суарес пен 2018 жылы Фелиппе Каутиньоны осы "Ливерпульдан" сатып алған еді. Ағылшын клубы жейдесінде Суарес 110 ойын өткізіп, 69 доп салса, Каутиньо 2014-18 жылдар аралығында "Ливерпуль" үшін 152 ойында 41 рет гол соққан. Екі клубта да ұлттық құрама бойынша əріптестер жетерлік. Мысалы; Филиппе Коутиньо, Рафинья, Артур жəне Алиссон, Роберто Фирмино, Фабиньо (Бразилия құрамасынан) Иван Ракитич пен Деян Ловрен (Хорватия құрамасынан) Мусса Ваге мен Садьо Мане (Сенегал сапынан) Томас Вермален мен Симон Миньоле, Дивок Ориги (Бельгия атынан) Яспер Силлессен мен Вирджил ван Дейк, Джорджинио Вейналдум (Нидерланды сапынан). Сонымен бүгінгі "Камп Ноудағы" "Барселона" мен "Ливерпуль" арасындағы 9 матч өткелі жатыр.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

   
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×