Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Серхио Бускетс "Барселонамен" жаңа келісім-шарты бойынша 500 миллион еуроға бағаланатын болады.
Mundo Deportivo-ның хабарлауынша ойыншы мен клуб қыркүйекте бекітетін келісімдерін талқылады. Мұнда басымдық келісімшартты ұзартуға емес, бірқатар шарттарды өзгертуге бағытталған.
Жаңа келісім бойынша 30 жастағы ойыншының бағасы 200-ден 500 миллион еуроға өсетін көрінеді. Оған қоса, ойыншының айлығы да көтеріледі-міс.
Серхио Бускетс - "Барселона" академиясының түлегі. Каталониялық клуб сапында 2009 жылдан бері 300 матч өткізген.