Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиев алғашқы баспасөз-мәслихатында тілшілермен сұқбат құрып, Бахтиер Зайнутдиновтың жарақатына байланысты жауап берді.
«Кеше ғана өзімен хабарластым. Қазір Испанияда жарақатынан айығып жатыр. Қазір клубында оны қорғаныстың сол қанатында пайдалануда. Бахтиер жүйенің футболшысы, нағыз әмбебап. Қай позицияда ойнайтыны маңызды емес екенін өзі де сан рет айтты ғой. Ал біз оны негізінен орталық алаңда ойнатамыз. Оның тәжірибесі алаңның дәл сол бөлігінде маңызды болып отыр, допты ұстай білуі мен қарсылас қысымына төтеп беретін қабілеті бізге қазір аса маңызды болуда. Ең бастысы допты тартып алғаннан кейін шабуылды бағыттай алады. Жарақаттан дін-аман болса сол жақ қаптал Әліпке бұйырады деп үміттенемін», - дейді бас бапкер.
Айта кетейік, Қазақстан наурызда ӘЧ-2026 аясындағы іріктеу ойындарын бастайды. Біздің команда алғашқы екі турда Лихтенштей мен Уэльске қарсы өткізбек.
Біздің серіктес: FONBET