Бағасы 20 есе артқан Сарабия "ПСЖ" сапына ауысуға жақын

25.06.2019, 20:53
Бағасы 20 есе артқан Сарабия "ПСЖ" сапына ауысуға жақын
"Севилья" сұрмергені Пабло Сарабия осы жазда "ПСЖ" сапын толықтыруы мүмкін. Нақтырақ айтар болсақ, Париж клубы Пабло үшін 20 млн еуро төлеуге дайын. Одан бөлек, "Атлетико" да 27 жастағы футболшыға қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы испаниялық журналистер жиі жазып жүр. Алайда, "Севилья" директоры Мончи ойыншыны жібергісі жоқ. 2016 жылы ғана "Севилья" Сарабияны "Хетафеден" небәрі 1 млн.еуроға сатып алған болатын. Бас-аяғы 3 жылда бағасы 20 есе артты. Естеріңізге сала кетейңк, өткен маусымда испаниялық ойыншы 52 матчқа қатысып, 23 гол мен 17 нәтижелі пас берген.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×