АЗАМАТ АЙТҚОЖИН: «ЕУРОКУБОК ОЙЫНДАРЫНА БІЗДІҢ КОМАНДАЛАР ТОЛЫҚТАЙ ДАЙЫНДЫҚПЕН КЕЛЕДІ ДЕП ҮМІТТЕНЕМІН»

24.07.2018, 22:15
АЗАМАТ АЙТҚОЖИН: «ЕУРОКУБОК ОЙЫНДАРЫНА БІЗДІҢ КОМАНДАЛАР ТОЛЫҚТАЙ ДАЙЫНДЫҚПЕН КЕЛЕДІ ДЕП ҮМІТТЕНЕМІН»
Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты Бас хатшы Азамат Айтқожин Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінің ойындары алдында отандық командаларға сәттілік тіледі,-деп хабарлады. «Бүгін кешке барша Қазақстан ел намысын абыроймен қорғап жүрген ел чемпионы «Астанаға» алаңдайтыны анық. «Мидтьюлланд» - салмақты қарсылас. Өйткені, кәрі құрлықта дат футболының дамығанын бәрі жақсы біледі. Осы уақытақа дейін Еуропа ареналарында тәжірибе жинаған «Астана» футбол клубы жанкүйерлерімен бірге жеңіске жету үшін жасыл алаңға шығады. Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңіне қатысып жатқан алматылық «Қайрат» ұжымына да мықты қарсылас тап болды. Еуропа футболының сәнін келтіретін Голландия футболшылары. Қостанайлық «Тобыл» да халықаралық ойындарды сәтті бастады. Владимир Никитенко шәкірттерінің нағыз бабына ене бастағанын «Самтредиамен» болған ойында көрдік. Келесі қарсылас Арменияның атақты клубы «Пюник» болмақ. Еурокубок ойындарына біздің командалар толықтай дайындықпен келеді деп үміттенемін», - деді Азамат Айтқожин.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×