Азамат Айтхожин: Әр клубқа үлкен міндет пен жауапкершілік артылған

10.07.2018, 18:09
Азамат Айтхожин: Әр клубқа үлкен міндет пен жауапкершілік артылған
Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтхожин Федерацияның ресми сайтында қазақстандықтарды еурокубок маусымының басталуымен құттықтап, клубтарға сәттілік тіледі. - Еліміздегі футбол сүйер қауымды қазақстандық клубтардың еурокубоктарда өнер көрсетуін бастауымен құттықтаймын. Біздің ұжымдарға жаңа табыс, тамаша ойын және сәттілік тілеймін! Әрбір қазақстандық ұжымға жоғары міндет пен зор жауапкершілік артылған. Халықаралық аренада Қазақстанды лайықты көрсете алулары тиіс. Олардың әрбірі алдыңғы жылдарға қарағанда табысты өнер көрсететініне сенімдімін. - Қазақстандық жанкүйерлер де клубтық талғамдарына қарамастан, еліміздің еуропа ареналарындағы өкілдеріне жанкүйерлік ететініне де сенім білдіремін.    
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×