!["Аякс" тағы бір негізгі құрамның ойыншысын сатты](https://aladop.kz./cache/imagine/1200/uploads/post_items/2019/08/04/f018db3b652fa50199fcbe4deffaa426.jpg)
Өткен маусымда Чемпиондар лигасында атой салған «Аякс» негізгі құрамдағы ойыншыларының біразымен қоштасты. Амстердам ұжымының даниялық орталық жартылай қорғаушысы Лассе Шоне жақын арада Италияның «Дженоа» командасына ауысатынын мәлімдеді, деп хабарлады Vl.nl сайты.
Шоне кешегі Эредивизияның алғашқы туры аясында өткен «Аякс» - «Витесс» (2:2) кездесуінде өз жанкүйерлерімен қоштасты.
Естеріңізге сала кетейік, 33 жастағы дат ойыншысы Нидерланды чемпиондары сапына 2012 жылдың жаз мезгілінде келген болатын.
Біздің серіктес: FONBET