"Аякс" - Давид Нересті 40 млн. еуроға сатудан бас тартты

05.06.2019, 21:20
"Аякс" - Давид Нересті 40 млн. еуроға сатудан бас тартты
Голландияның "Voetbalprimeur" порталының мәліметінше, "Аякс" - "Атлетиконың" Давид Нересті 40 млн. еуроға сатып алу туралы ұсынысын кері қайтарыпты. Өйткені, Амстердам клубы бұл сомманы азсынып отыр. Реті келсе клуб 22 жастағы Бразилия құрамасының шабуылшысын қомақты қаржыға сатпақ ниетте. Ал Антуан Гризманн кеткелі шабуылшыға зар болып жүрген Мадридтің клубы қайткенде де Нересті қатарға қосуға құлықты. Қазір испан клубы жаңа ұсынысты қайта қарастыруға кірісіп те кетіпті. Естеріңізге сала кетейік, Давид Нересті "Аякс" 2017 жылы "Сан-Паулудан" 12 млн. еуро беріп сатып алған еді. Биылғы маусымда футболшы Эредивизиядағы 29 матчта 8 гол салса, Чемпиондар лигасындағы 15 ойында 3 гол мен 3 нәтижелі пасы тағы бар.

Шамкен БАЙЫРБЕК. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×