Аустрияның бапкері: оларды қателік жасауға мәжбүрлеуіміз керек

10.10.2024, 13:22

Аустрия құрамасының бас бапкері Ральф Рангник Қазақстанмен болатын кездесу жайлы пікірін айтты.

Аустрияның бапкері: оларды қателік жасауға мәжбүрлеуіміз керек
Ральф Рангник

Айта кетейік, Ұлттар Лигасының үшінші туры аясында Қазақстан құрамасы сырт алаңда Аустриямен жолығады. Бұл бәске 10-қазанда өтеді.

«Футболшыларыма өзіміздің бұрынғы кездерімізге қайта оралып, Еуродағыдай өнерімізді жаңғыртуды айттым. Сол шақтардағы энергия мен жалынымыз Қазақстанға қарсы ойында кәдеге жарап қалуы тиіс. Біз шабуылда белсеніп, оларды қателік жасауға мәжбүрлеуіміз керек. Егер осыны іске асыра алсақ, қарсылас қаншалықты қорғаныста ойнағанымен түпкілікті нәтиже үшін алаңдамайтын едім. Дисквалификация алған Филипп Мвенеден өзгесінің барлығы қатарда және алдағы матчқа тас-түйін дайын», - деді неміс маманы.

Айта кетейік, Ұлттар Лигасының үшінші туры аясында Қазақстан құрамасы сырт алаңда Аустриямен жолығады. Қазақстан Ұлттар Лигасындағы екі турдан кейін әзірше бір ұпаймен Словения, Норвегия мен Аустриядан кейін ең соңғы орында тұр. Линцтегі ойыннан кейін отандастарымыз 13-қазанда Словениямен жолығады. Бұл бәсеке Алматыда өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×