Бізге келіп жеткен ақпаратқа сәйкес, жақында «Атырауға» жаңа директор тағайындалады.
Енді «мұнайшыларды» Манарбек Ержанов басқармақшы. Отандық менеджер осыған дейін бірқатар клубтың басшылығында қызмет істеп келген: 2023-жылғы маусымда «Ақжайықта» директорлық еткен болатын. Манарбек Шайдуллаұлы басшылық еткен маусымда Батыс-Қазақстан облысының клубының басынан ауыр күндер өткені мәлім. Дәлірек айтсақ, «Ақжайық» қаржылық қиындықтарға тап болып, біраз шатқаяқтаған еді. 43-жастағы маман енді алдағы маусымда «Атырауды» басқармақ.
Айта кетейік, «Атырау» өткен маусымда ҚПЛ-ді 7-орынмен аяқтап, Қазақстан Кубогінің финалына шықты.
Біздің серіктес: FONBET