Еліміздің батыс аймағының екі клубы "Атырау" мен "Ақжайық" шет елдік ойыншылармен құрамын толықтырды.
Оралдың "Ақжайық" ФК-ы 24 жасар украиналық жартылай қорғаушы Чачуа Амбросимен келісім-шарт жасады. Украиналық ойыншы осы уақытқа дейін Львовтың "Карпаты" ФК-ның сапында 90-нан аса матч өткізген. Украинаның 19 және 21 жасқа дейінгі құрамаларында өнер көрсеткен екен.
"Атырау" ФК словакиялық қорғаушы Франтишек Кубикпен келісім-шарт жасады. 29 жасар ойыншы бұған дейін голландиялық«АДО Ден Хааг», украиналық «Таврия» мен «Арсенал», грекиялық «Эрготелис» пен ресейлік «Кубань» клубтарында өнер көрсеткен.
![](http://aladop.kz/wp-content/uploads/2018/07/атыр-463x390.jpg)
Аталған ойыншыларды қатарына қосқан еліміздің клубтары әдеттегідей, келісім-шарт мерзімін жарияламай отыр.