Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, бразилиялық жартылай қорғаушы Жиан Мартинс "Атырау" футбол клубына қаралымға келді.
Соңғы екі маусымда 27 жастағы жартылай қорғаушы Қазақстан чемпионатында "Тараз" бен "Оқжетпестің" намысын қорғады. Өткен маусымның соңында Мартинс өнер көрсеткен "Оқжетпес" клубы Бірінші лигаға түсіп қалды. Маусым соңында бразилиялық футболшы клубтан кетіп, жаңа команда іздей бастады.
Жақында Жиан "мұнайшылардың" ОЖЖ-на қосылды. "Атырау" командасының жаттықтырушылар штабы ойыншының болашағы туралы соңғы шешімді оқу-жаттығу жиыны аяқталғанға дейін қабылдайды.
Біздің серіктес: FONBET