«Атырау» мен «Қызыл-Жар» кездесуінде 5 гол соғылды

23.09.2018, 16:34
«Атырау» мен «Қызыл-Жар» кездесуінде 5 гол соғылды
 «Атырау» мен «Қызыл-Жар» арасындағы ойында жанкүйерлер 5 бірдей голға куә болды. Алаң иелері алдымен есеп ашқан. «Астанадан» жалға алған жас футболшы Юрий Перцух 11-минутта командасын алға шығарды. Алайда қонақтар үзіліске дейін есепті теңестірді. Гол авторы – Мирослав Лечич. Екінші таймның басында Марат Хайруллин  пенальтиден дәлдік танытып, жергілікті жанкүйерлерді бір серпілтіп тастаған болатын. Осыдан кейін «Қызыл-Жар» ойыншысы Алтаев алаңнан қуылды. Соған қарамастан Петропавлдан келген команда осы ойында екінші рет есепті теңестірді. Бірақ 70-минуттағы Шота Григалашвилидің де голы қонақтардың ұпай еншілеуіне көмек болған жоқ. Негізгі уақыттың аяқталуына 2 минут қалғанда Алексей Родионов жеңісті жұлып алды. Сөйтіп, «Атырау» үш ұпайға қол жеткізді. https://youtu.be/Y_A2UjxBX38
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×