"Атырау" футбол клубының жаңа директоры тағайындалды

10.07.2018, 03:12
"Атырау" футбол клубының жаңа директоры тағайындалды
"Атырау" ФК-ның жаңа директоры болып 33 жасар Қонысбай Шпанов тағайындалды. Шпанов Қонысбай Әдиұлы 2002-2003 жылдары Алматы қаласындағы спортқа дарынды балаларға арналған Қ, Ахметов атындағы мектеп-интернатында тәлім алған. Кейін Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік Университетінде дене шынықтыру және спорт факультетін бітірген. 2010-2012 жылдары Инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер Қазақстан Университетінде Құқықтану мамандығын оқып шыққан. 2017-2018 жылдары Атырау облысы мүгедектер спорт клубы ҚКММ директоры болып қызмет атқарған. Осыған дейін Атырау облысы жоғарғы спорттық шеберлік мектебінің директоры лауазымында болды.                                                                                                                                          "Атырау" ФК баспасөз қызметі
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×