«Астана» клубының 21 жасар жартылай қорғаушысы Жаслан Каиркенов маусым аяғына дейін «мұнайшылар» құрамында өнер көрсететін болады.
Павлодар футбол мектебінің түлегі 2016-2019 жылдар аралығында «Астана» ФК жүйесінде болып, «Астана-U21», «Астана Жастар» және елордалық ұжымның негізгі командасының намысын қорғады.
Былтырғы жылы Каиркенов «Атырау» сапында өнер көрсетіп, 12 ойында 3 голмен көзге түсті.
«Атырау» ФК баспасөз қызметі
Біздің серіктес: FONBET