Бұл туралы Испанның "AS" порталы клуб ішіндегі инсайдерлерден естіген екен. Дәлірек айтсақ, жазғы трансферлік ауыс-түйіс кезінде "Атлетико" Диего Костаны сатуға бекінген. Сөйтіп, оның орнына "ПСЖ"-дан Эдинсон Каваниді алуды жоспарлауда. Биыл уругвайлық шаубылшы Франция чемпионатында 27 ойынға қатысып, 22 гол соққан, 5 нәтижелі пас берген.
Естеріңіде болса, Диего Коста "Барселонамен" болған ойында бас төреші Хосе Хиля Мансаноны балағаттап, алаңнан қуылған болатын. Примераның тәртіптік коммитеті 31 жастағы шабуылшыны 8 ойыннан шеттеген еді.
Шамкен БАЙЫРБЕК.