Атақты футболшылар өмiрден неге жерiдi?-2

19.01.2011, 21:05
Атақты футболшылар өмiрден неге жерiдi?-2

немесе өмір мен өлім айқасқанда

futbol1 Адам өмiрдегi жолын өз қолымен жасауы керек деп жатады. Қалай? Егер оған мүмкiндiк болмаса ше? Сондай мүмкiндiгi болмаған келесi бiр футболшы – Сергей Перхун едi. Жасыл алаңда бәрi болады. Бiрақ осы уақытқа дейiн ойын алаңында жарақаттан қайтыс болған оқиға болған емес. Бұл жолғы қайғылы оқиға тағы да ЦСКА командасының қақпашысының басына түстi. «Анжи» мен ЦСКА командалары арасында болған кездесуде қақпашы Сергей Перхун басынан алған ауыр жарақаттан аурухананың жан сақтау бөлiмiнде жатып, жан тапсырады.

70-ші жылдардың жанкүйерлерi Мәскеудiң «Динамо» клубының және КСРО құрамасының ойыншысы Анатолий Кожемякиндi әлi де ұмыта қойған жоқ. Жасыл алаңға 16 жасында арқаланып шыққан Анатолий атақ-даңққа ерте бөлендi. Шамадан тыс марапат кейде адамды қарапайымдылықтан айырып жатады. Анатолий де айналасына өркөкiректене қарай бастаған. Дүниеден қайтарынан бiр күн бұрын өзiнiң қатты шаршағанын сылтау етiп, жаттықтырушысы Качалиннен өзiн «Араратпен» болатын кезектi ойынға қоспауын сұрайды. Бiрақ ол сылтау едi. Сол күнi Анатолий жас достарымен көңiл көтерiп, ертеңiне «Машина времени» тобының концертiне баруды ойластырады. Алайда бауырында кiшкентай баласы бар әйелi Анатолийге өкпелегенi соншалық, оны үйге кiргiзбейдi. Сол күнi ол өзiнiң досының үйiнде түнеп шығады. Ертеңгiсiн сағат 10-да аулаға шығайын деп лифтiге отырғаны сол едi, жарты ортада 3-шi қабат пен 4 қабат арасында лифтi тоқтап қалады. Үнемi асығыс жүретiн Анатолий шыдамсыздық танытып, лифтi бойымен тырмысып жүрiп, сыртқа шығудың қамын жасайды. Сол арада лифтi iске қосылып, Анатолий бар екпiнiмен қазандық шұңқырына құлап түседi. 1974 жылы 13-қазанда Анатолий Кожемякин небәрi 22 жасында қайтыс болады. Өмiр бiз ойлағандай емес, ол одан аса мәндiрек. Бiрақ бiз оның берекесiн кетiрiп, қиюын қашырамыз. Тұзағына түскен кезде одан қашып құтылғанша асығамыз. Сонда қайда барамыз?! Өмiр талқысына түсiп, оның шырмауығынан басын арашалап қала алмаған футболшының бiрi – Анатолий Банишевский. Бакудың «Нефтчи» және КСРО құрамасының белдi ойыншысы 1997 жылы 10 желтоқсанда 52 жасында өзге бiр әйелдiң қолында өмiрмен қоштасып кете барады. Банишевский жас кезiнен iшкiлiкке әуес болыпты. Соның салдарынан бертiн келе бауыр ауруына шалдыққан. Уақыт өткiзiп оған сусамыр сырқаты қосылған. 1987 жылдан өмiрiнiң соңына дейiн ол үш рет естен танып, өлiм аузынан қайтқан. Барар жерiн, кiммен кездесу қажеттiгiн алдын-ала жазып алатын болған. Ұзақ емделгеннен кейiн, Африканың Буркина-Фасо мемлекетiне барып, ұлттық жастар құрамасын жаттықтырған. Осында жүрiп, жүрегiне тағы бiр соққы алған. Стадионда бүлiкшiлердiң ел президентiн көз алдында атып өлтiруi оның жүрегін қозғап, жан-дүниесiне әсер еткен. Қырсық шалғанда өз әйелiнiң үйiне кiргiзбей, далаға қуып жiберуi жанына қатты батады. От жағатын қазандықта үй-күйi жоқ адамдармен бiрнеше ай бiрге тұруға да мәжбүр болған. Оның осы күйiн сырттай бақылап жүрген Саида деген бiр сылқым оны қолына алып, көңiл жарастыруға тырысады. Алайда оның бәрi кеш едi. 1997 жылы 10-желтоқсанда атақты футболшы бiр ауыз сөзге келмей, дүниеден өттi. Адамдардың орынсыз айтатын кiнәларының бәрi бiздiң тағдырдың мiндетiне жетуге икемсiздiгiмiзден туындап жатады. Кейде сол икемсiздiгiмiз дұрыс адамды бұрыс жолға итереді. 1970 жылғы КСРО чемпионатының алтын медалi үшiн Ташкентте болған қосымша ойында Мәскеудiң «Динамо» командасы ЦСКА командасын 3:1 есебiмен ұтып тұрып, ойынның аяқталуына 20 минут қалғанда 3:4 есебiмен ұтылып қалуынан бiрнеше адамның нақақтан күйiп кеткен. «Динамоның» жаттықтырушысы Константин Бесков ұтысты тотализаторға түскен ЦСКА командасы үшiн 1 миллион рубльге әдейi ұттырды деп Аничкиндi, Масловты, Еврюжихиндi айыптайды. Осыдан кейiн Виктор Аничкинге сенiмсiздiк басталады. Оны негiзгi ойындарға қоспау жиiлейдi. Пұл таппағасын әйелiнiң де көңiлi қала бастайды, соңында әйелi кетiп тынады. Араға бiрнеше жыл салып, Виктор «Авангард» клубына жаттықтырушы болып орналасады. Пәтерiн әйелiне қалдырып, өгей әкенiң қолына көшедi. 1975 жылы 5-қаңтарда КСРО чемпионы, «Динамо» командосының және КСРО құрамасының ең шебер ойыншысы Виктор Аничкин 34 жасында жүрек талмасынан кенеттен қайтыс болады. Өмiрде күрделi ештеңе де жоқ. Оны күрделi етiп, мазасын алып жүрген бiздер. Мазасыздықтан бәз кешкен сондай жанның бiрi – Леонард Адамов. 60-70-шi жылдардағы «Спартак» командасы мен Минскiнiң «Динамо» клубының және КСРО құрамасының ойыншысы болған Адамов отбасының жылуын көрмей-ақ, өз еркiмен өмiрден кетуге мәжбүр болған. Әйелiне қызы қосылып өзге еркектермен күн сайын үйде бастаңғы ұйымдастырудан қолы тимейтiн әйелi iшкенiмен қоймай, есiрткi тартуды да бастаған. Бiрде басқа қаладан жолсапардан үйiне келсе, көз алдында болып жатқан айуандықты көрiп, өз-өзiне сенбей көзi қарауытып кеткенi соншалық, Адамов сол мезетте-ақ, үйдiң 9-шы қабатынан секiрiп мерт болған. Сол кезде ол бар болғаны 36 жаста екен. Өмiр – ойын емес, ол – құпия. Оның мұраты – махаббат. Оның тазаруы – құрбандық. Бірақ махаббат дегенді дұрыс түсіне алдық па? «Спартак» клубының және КСРО құрамасының ең үздiк ойыншысы Михаил Булгаков ненің құрбаны болды? Осы футболшыны да әйелi көкiрегiнен итерiп, есiк күзеттiрiп қоймай ма ?! Миша қанша аяғына жығылып, бас ұрса да жүрегi жiбiмей қойған әйел оның бiр ғана жолды таңдауына жол ашып берген. 1984 жылы 3-тамызда Михаил Булгаков биiк үйдiң 11 қабатынан секiрiп, сол жерде жан тапсырған. Ол сол кезде небәрi 33 жаста болыпты. Жалпы, «Спартак» клубында сол жылдары қатарынан бiрнеше ойыншы өзіне қол жұмсады. Мәселен, Николай Солдатов, Володя Лисицын да солай өмірден озды. Ал осы клубтың тағы бiр ойыншысы Василий Калинов күнi бүгiнге дейiн өлi-тiрiсi жоқ. Өз отбасының жылуын сезiнбей өткен келесi бiр футболшы – Валерий Воронин. «Торпедо» және КСРО құрамасының белгiлi ойыншысы 1968 жылы автокөлiк апатынан соң, үлкен спортпен қоштасуына тура келген. Жаттықтырушылық жұмысқа қанша ұмтылғанымен оны ешбiр клуб шақыра қоймаған. Жолы болмаған жаннан әйел, бала-шағасы да қашып құтылған. Осыдан соң ашуын арақтан алып, соның жолына түскен. Өмiрiнiң соңында Ворониннiң жанында бұрын танымайтын белгiсiз адамдар пайда болған. Кiмнiң iсi екенi белгiсiз, атақты футболшы 1984 жылы 9-мамырда 45 жасында бас сүйегi жарылғаннан жол бойында қайтыс болған. Футбол – қазiр бизнес көзi. Оның айналасында көзге көрiнбейтiн қып-қызыл ақша айналымы жүрiп жатыр. Демек, мүдде көзқарасы жолында өлiп кетуiң де мүмкiн. «Торпедо» және «Динамо» командаларының бұрынғы ойыншысы, футбол агентi Юрий Тишков 2003 жылы 11-қаңтар күнi 32 жасында белгiсiз адамдардың қолынан ажал құшады. Соңғы кездерi «Россия» телеканалында комментатор болып қызмет iстеп жүрген Тишков коммерциялық футбол құрылымдарында да белсендiлiк танытып жүрген көрiнедi. Мәселен, ол Ресей құрамасының белдi ойыншысы Кержаковтың агентi ретiнде көптеген iстерге араласқан. Кержаковтың футбол нарығындағы салмағы сол тұста 5 миллион долларға жеткен көрiнедi. Әрине, мұндай жерде түрлi көлеңкелi адамдардың жүретiнi белгiлi. Тишков сол күнi өз үйiне өте кеш оралады. Көлiгiн қойған жерде оған бiрнеше адам жабылып ұрған. Кеуде тұсынан бiрнеше рет пышақ сұқан. «Адам өмiрi – қысқа ғана гүлдеу мен ұзақ солудан тұрады» дегенде осыны айтса керек. Ол қайтыс болардан бұрын-ақ, таңертеңгiлiк газеттер оның қайтыс болғанын хабарлап жiберген. Бiрақ ол тiрi болатын. Ауруханада жатып, өзiнiң досы Лев Яшиннiң қайтыс болғанын естiп: «Келесi кезек – менiкi» дегенде ол бәрiн бiлiп айтқан көрiнедi. «Торпедо» және КСРО құрамасының атышулы ойыншысы Эдуард Стрельцов өлiмнiң ақиқат екенiн, уақыты келгенде одан ешкiм қашып құтылмайтынын бiлдi. Өмiрдiң қасiреттi сәттерiнде өлiмдi көрген жан рахатқа бөленедi деп жатады. Стрельцов өз өлiмiнен бұрын әкесiн түсiнде көп көредi екен. Онысын ешкiмнен жасырмапты да. 1985 жылы сәуiр айында Чернобыл апатынан кейiн iле-шала апат орнынан 30 шақырым жерде ардагерлердiң ойынына қатысыпты. Ойыннан соң, бутсиiн жуып жатқан әрiптесi Андрей Якубикке қарап: «Андрей, осымен құтылдым деп ойлайсың ба?» деген көрiнедi. Кiм бiлген, өзгелер емес, дәл осы сөз Стрельцовтың өзiне бәле болып жабысарын. Осы сапардан соң, дәрiгерлер оның өкпесiн емдеумен болады. 1990 жылы дәрiгерлер кезектi тексерiс жүргiзгеннен кейiн, атақты футболшының өкпесi емес, терiсiнiң ракқа шалдыққанын дәлелдейдi. Әрине, бұдан кейiн бәрi кеш еді. Атақты футболшы кезiнде 12 жылға бас еркінен айрылып, iстi болған. Көңiлдi бiр отырыстан кейiн өзiнiң командаластары Татушин және Оганьковтармен бiрге қыз зорлады деген айыппен түрмеге жабылған. Кейiн белгiлi болғандай Стрельцовқа сол тұстағы СОКП Орталық комитетiнiң хатшысы Екатерина Фурцева тiсiн қайрап жүрген көрiнедi. Кеңестер одағындағы өте ықпалды Фурцева футболшыға ене болғысы келiптi. 1990 жылы 22-шiлдеде 54-ке қараған шағында атақты ойыншы Эдуард Стрельцов аурухана төсегiнде қайтыс болады. Ол – Ваганьков қорымында өзi сыйлап өткен В.Высоцкийдiң жанына жерлендi. Стрельцовтың нақты көшiрмесi саналған «Спартак» және «Қайрат» командаларының белдi ойыншысы Юрий Севидовтің де өмірі аянышты. Мәскеу өзенiнiң үстiнде өз көлiгiмен келе жатып, адам қағып кеткенi үшiн оның басы әбден шырғалаңға түскен. Мемлекеттiк Қауiпсiздiк қызметiнiң ерекше бақылауында тұрған академик Рябчиков сол кезде масаң күйде болыпты. Севидов 10 жылға сотталған. Бiрақ 3 жылдан мерзiмiнен бұрын босап, Алматыға жер аударылған. Кейiн ол «Қайрат» командасында 2 жыл ойнаған. Мiне мұның бәрi өмiрге ойын есебiнде қарау көз қарасынан туындаған. Бiз неге адам өмiрiнен қымбатты зат жоқ екенін білмей, оған ойын сияқты қараймыз? Өмір ойын емес екені белгілі. Сіз өз өміріңізбен ойнап жүрген жоқсыз ба?

Азат ҮСЕН

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.376
Ничья
5.45
П2
8.65
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
2.008
Ничья
4.015
П2
3.585
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.957
Ничья
3.82
П2
3.95
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.518
Ничья
4.885
П2
6.16
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.26
Ничья
3.585
П2
2.272
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.427
Ничья
3.81
П2
2.845
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
4.075
Ничья
3.82
П2
1.927
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.074
Ничья
15.5
П2
33
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.682
Ничья
4.535
П2
4.74
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.153
Ничья
9.2
П2
20
Aladop Youtube
×