"Астананың" экс-ойыншысы тағы да клуб ауыстырды

17.07.2018, 00:27
"Астананың" экс-ойыншысы тағы да клуб ауыстырды
Сербиялық футболшы Неманья Максимович Испания Ла Лигасы клубының сапына ауысты. Sports.kz-тің хабарлауынша, Максимович "Валенсия" құрамынан "Хетафе" клубына 5,5 млн. еуроға сатылыпты. Одан бөлек, "Валенсия" үш жылдың ішінде ойыншыны 8 млн. еуроға қайта сатып алу құқығына ие болған. Бұл дегеніміз клуб басшылығы жас ойыншының болашағынан әлі де үміттері бар екендігін білдірсе керек. Трансфер ресми түрде жақын уақытта жария болады екен. Естеріңізге сала кетсек, біздің сайт та Максимовичтің "Хетафеге" ауысу мүмкіндігін хабарлаған болатынбыз.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×