Чемпиондар лигасның алғашқы іріктеу кезеңінде "Астана" Румынияның Клуж қаласынан келген "ЧФР" командасымен кездеседі. Бірінші матч 9 немесе 10 шілде күні Астана қаласында өтсе, жауапты матч араға апта салып, Клуж қаласында өтпек.
Жеребе тарту рәсімі бүгін УЕФА-ның Ньондағы штаб-пәтерінде өтті. Қазіргі ел чемпиондары іріктеуді бірінші топта, еленген команда ретінде бастады. Жалпы кәртамыс құрлықтың 32 командасы 3 топқа бөлініп, жеребеге тасталды.
Шамкен БАЙЫРБЕК.