«Астананың» «алтын дәуірі» аяқталды ма?

«Астана» осы жылы чемпиондыққа қайта қадам жасай ма әлде төмен сырғи бере ме?
«Астананың» «алтын дәуірі» аяқталды ма?

2020 жыл - "Астана" футбол клубының тарихындағы ең сәтсіз маусым. Соңғы алты жыл бойы чемпион атанып келген клуб былтыр үшінші орынға ие болды. Чемпиондар Лигасынан, одан қалса Еуропа Лигасынан ұшып кетті. "Астана-Арена" стадионында ойнау мүмкіндігінен айырылды. Бір жылда үш рет бапкер ауысты. Айта берсең себеп көп.

Бірақ 2021 жылы да елордалық клубтың дәл осы сәтсіз сериясы жалғаса беретін секілді. Қазір "Астананы" чемпион болады деп айтатын жанкүйерлер жоқтың-қасы. "Қайрат" командасы Чемпиондар лигасына тыңғылықты дайындалуда. Мықты ойыншыларды қатарға қосып жатыр. Ал "Астана" керісінше, мықты ойыншыларымен қош айтысуда. Мұның басты себебі - мемлекеттен бөлінетін бюджеттің азаюы. Өткен маусымды 15 миллиард теңгемен бастаған "Астана" жыл соңында қарызға белшесінен батты. Ал 2021 жылға арналған бюджет көлемі әлі белгісіз. Елордалық клуб бірінші кезекте жоғары жалақы алатын футболшылардан арылғысы келеді. Сонда алдағы маусымда кімдерге сенім артады? Сол жайлы аз-кем тарқатып көрейік.

Ең алдымен қақпашы мәселесінен бастайық. "Астана" құрамды жасарту мақсатында қарт ойыншылармен қош айтысуда. Оның ішінде команда капитаны Ненад Эрич те бар. Эричтің елордалық клубпен келісімшарты өткен жылдың соңында аяқталған. "Астана" тәжірибелі қақпашыға жаңа келісімшарт ұсынған жоқ. Бірақ бас бапкер Андрей Тихонов Эричке қақпашылардың бапкері болу туралы ұсыныс тастады. Ал Ненад әлі де болса қақпаны күзетуге дайын екенін жеткізді. "Астана" Эричтің орнын басатын қақпашыны тауып та қойды. Клуб Дмитро Непогодовқа қақпасын сеніп тапсырғысы келмейтін секілді. Өткен маусымда "Қайсар" қақпасын күзеткен Александр Заруцкий қазір елордалық клуб сапында жаттығып жүр.

Ал енді қорғаушыларға көшейік. Өткен маусымда көптің көңілінен шықпаған Урош Радаковичтің жалдау мерзімі аяқталып, командадан кетті. Ал ұлттық құраманың бұрынғы бапкері Михал Билекке ұнамаған Дмитрий Шомко ресейлік "Ротор" сапына ауысты. Іле-шала Юрий Логвиненко да дәл осы клубтан шақырту алды. Евгений Постниковтің де клубтан кететін күні алыс емес секілді. Ал Тихонов командаға жаңа орталық қорғаушы тауып қойды. Соңғы ақпараттарға сенсек, Армения құрамасының вице-капитаны Вараздат Ароян жақын арада "Астана" сапын толықтырады. "Тамбов" клубында өнер көрсеткен қорғаушының жалақысын төлеу елордалық командаға ауырға түспесі анық.

Команда ең мықты деген жартылай қорғаушыларынан айырылды. Беларуссия құрамасының белді ойыншысы Иван Маевский "Ротор" сапына ауысты. Одан бөлек, күні кеше исландиялық футболшы Рунар Мар Сигурьонсон және Қазақстан құрамасының ойыншысы Юрий Перцух командадан кетті. Перцухты қоя тұрайық, бірақ "Астана" Рунардың орнын басатын футболшы таба алмайды. Клуб сапындағы ең нәтижелі легионер атанған Сигурьонсон "ЧФР Клуж" ойыншысы атанды.

Қазір "Астанада" бірде-бір орталық шабуылшы жоқ. Өткен жылы 1,5 миллион еуроға сатып алған Сотириуды "Лудогорецке" 800 мың еуроға сатты. Алексей Щеткин мен Дидар Жалмұқанның келісім-шарты аяқталды. Біреуі "Роторға", екіншісі "Ақтөбеге" кетті. Бірақ Марин Томасов пен Тигран Барсегян клуб сапында жаттығуда. Бұл екі ойыншының да жоғары жалақы алатыны көпке мәлім. Бірақ "Астана" бұл ойыншылардан айырылса, шабуыл шебінде үлкен мәселеге тап болады. Өткен маусымда Дорин Ротариудың бар-жоғы білінбеді. Сондықтан оның да клубтан кетуі мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Қазір команда сапында Антонио Рукавина, Жарко Томашевич, Лука Шимунович, Макс Эбонг сияқты легионерлер бар. Аталған ойыншылардың да командадан кетуі ғажап емес.

Бұған дейін мүлдем жергілікті жастарға сенім артпаған "Астана" алдағы маусымда жастарға мүмкіндік бере ме? Конференция лигасында сәтті өнер көрсете ала ма? Осы маусымда үздік үштікке кіре ала ма? Дәл осы сұрақтар көптің көкейінде жүргені анық. Ал мұның жауабын алдағы маусымда білетін боламыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.5
П2
8.95
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.977
Ничья
3.995
П2
3.71
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.915
Ничья
3.95
П2
3.99
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.509
Ничья
4.945
П2
6.22
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.315
Ничья
3.62
П2
2.233
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.394
Ничья
3.81
П2
2.894
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
4.025
Ничья
3.79
П2
1.946
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.087
Ничья
14
П2
29
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.691
Ничья
4.48
П2
4.735
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.153
Ничья
9.2
П2
20
Aladop Youtube
×