Футбол тарихы мен статистикасы халықаралық федерациясы (IFFHS) соңғы онжылдықтағы үздік клубтардың тізімін жариялады. Оның арасында елордалық «Астана» клубы да бар.
Үздік клуб ретінде испаниялық «Барселона» командасы аталды. Сондай-ақ үздік бестікте «Реал Мадрид» (Испания), «Бавария» (Германия), ПСЖ (Франция) және «Атлетико Мадрид» (Испания) бар.
Рейтингте ұсынылған 140 команданың ішінде қазақстандық клуб та енген. Елордалық «Астана» соңғы 139-шы орынды «Мальмё» (Швеция) командасымен өзара бөліскен. IFFHS рейтингті құрастырар кезде клубтардың 2011 жылдың қаңтар айынан 2020 жылдың желтоқсанына дейінгі аралықтағы ресми жарыстардағы табыстарын есепке алған.
Біздің серіктес: FONBET