"Астана" сапына тағы бір шабуылшы ауысады

18.07.2018, 01:52
"Астана" сапына тағы бір шабуылшы ауысады
Бельгияның "Гент" клубының шабуылшысы "Астана" құрамын толықтырады. Sports.kz сайтының бельгиялық басылымдарға сілтеме жасай отырып хабарлауынша, "Гент" клубының шабуылшысы Рангело Янга Қазақстанда өнер көрсетеді. Ақпарат бойынша, Янга "Гент" клубының маусым алдындағы таныстырылымына қатыспаған. Ойыншы ендігі Қазақстанға сапарға аттанып, "Астанамен" келісім-шарт жасауға дайын екен. Бельгиялық басылымдардың келесі ақпаратында: Янганың "Астананы" таңдауы, 26 жасар Кюрасао құрамасының шабуылшысы Чемпиондар Лигасында өнер көрсетуге құмартып отырған көрінеді.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×