28 жастағы ресейлік жартылай қорғаушы Валерий Чуперка "Астананың" Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қосылды, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.
Чуперка 2020 жылы "гол + пас" жүйесінде "Тамбовтың" көшбасшысы болды. Өткен жылы 25 ойында 4 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді. РПЛ-дің ағымдағы маусымында 16 матч өткізіп, 2 гол соқты. Бірақ ол "Тамбов" клубымен келісім-шартты бұзып, командадан кетіп қалды.
Чуперка бұған дейін "Енисей", "Краснодар", "Балтика", "Ростов", "Томь", "Анжи", "Спартак Нальчик" және молдавиялық "УТМ академиясында" ойнаған.
Біздің серіктес: FONBET