УЕФА Чемпиондар Лигасының екінші іріктеу кезеңінің «Астана» - «Мидтьюлланд» кездесуінде Раду Петреску қазылық етеді.
Бұған дейін румыниялық төреші қазақстандық бір ғана команданың қатысумен өткен еурокубоктық кездесуде қызмет жасаған. 2012 жылы Еуропа Лигасының бірінші іріктеу кезеңінің «Ягодина» (Сербия) - «Ордабасы» арасындағы ойында төрелік еткен. Қонақтағы кездесуде шымкенттік команда 1:0 есебімен жеңітке жеткен болатын. Осылайша, бұл төрешінің қазақстандық командаларға сәттілік әкелеріне сенеміз!
Астанадағы кездесуде Петрескуға Раду Гинкуляк пен Мирча Григориу көмектеседі. Қосалқы төреші – Марцел Бирсан (барлығы Румыниядан).