«Астана» - «Мидтьюлланд»: «Астана» алғашқы ойында жеңіске жетті

25.07.2018, 02:56
«Астана» - «Мидтьюлланд»: «Астана» алғашқы ойында жеңіске жетті
«Астана» Чемпиондар Лигасының 2-ші кезеңінде Данияның «Мидтьюлланд» клубынан «Астана Аренада» басым түсті. Ойынның 31-ші минутында елордалық ойыншы Ласло Кляйнхаслер алыстан соққымен есепті ашты. Бірінші тайм қорытындысы бойынша астаналықтар жеңіп жатты. Алайда, ойынның 51-ші минутында қонақтар сапынан Викхейм есепті  теңестіріп кетті. Ойынның 94-ші минутында Ласло Кляйнхаслер дубль авторы атанып, «Астанаға» жеңіс алып берді.   "Астана" (Астана, Қазақстан) - "Мидтьюлланд" (Хернинг, Дания) - 2:1 (1:0) ГолдарЛасло Кляйнхайслер 31, 90+4 – Викхейм 51 ЕскертулерАльмейда 81 - Бубакарр Санне 19, Поульсен 70
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×