«Астана» мен «Ақтөбе» клубына айыппұл салынды

14.03.2022, 17:52
Елордалық клубқа айыппұлдан бөлек, техникалық жеңіліс жазылды.
«Астана» мен «Ақтөбе» клубына айыппұл салынды

11 наурызда ҚФФ Бақылау-тәртіптік комитетінің отырысы өтті. Жиын қорытындысы бойынша мынадай шешімдер қабылданды:

Футболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты, I тур

Астана – Шахтер

Тәртіптік регламенттің 44-бабының 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, қарсыластың агрессивті шабуылында өрескел тәртіп бұзғаны үшін «Шахтер» командасының ойыншысы Абдель Азиз Ламанж Нгапу екі ойыннан шеттетіледі. Дисквалификация мерзімі 2022 жылдың 6 наурызынан бастап есептеледі.

Матчқа қатысуға құқығы жоқ ойыншының алаңғы шыққаны үшін ҚР чемпионат регламентінің 5 бабы мен Тәртіптік регламенттің 23, 25, 51 баптарына сәйкес кездесудің нәтижелері жойылып, «Астана» командасына 0:3 есебімен техникалық жеңіліс жазылды.

Тәртіптік регламенттің 51-бабына сәйкес «Астана» ФК-ға 200 АЕК, яғни 612 600 (алты жүз он екі мың алты жүз) теңге айыппұл салынды. «Астана» футбол клубы айыппұлды 2022 жылдың 11 сәуіріне дейін төлеуі тиіс

Тұран – Тараз

Дөрекі ойнағаны үшін Тәртіптік регламенттің 44-бабының 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес «Тұран» командасының ойыншысы Сұлтан Әбілғазы екі матчтан шеттетілді. Дисквалификация мерзімі 2022 жылдың 06 наурызынан бастап есептеледі.

Қайрат - Ақтөбе

Тәртіптік ереженің 63-бабының 2-тармағына сәйкес, көрермендердің төрешілер тобына әдепсіз сөздер айтып, ерсі әрекеттер жасағаны үшін «Ақтөбе» клубына 100 АЕК мөлшерінде, яғни 306 300 (үш жүз алты мың үш жүз) теңге айыппұл салынды. «Ақтөбе» ФК айыппұлды 2022 жылдың 11 сәуіріне дейін төлеуі қажет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×