«Астана» Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы ойынды сәтті бастады. Киевте «Динамомен» кездескен Қазақстан командасы 2:2 есебімен тең түсті.
«Динамо» футболшылары 11-минутта есепті ашты. Көзге түскен Виктор Цыганков. Одан кейін «Астана» футболшылары бірнеше қауіпті шабуылдар ұйымдастырды. Алайда біресе Марин Томасов уақытында пас бермей қалса, енді бірінде қақпашы қырағылық танытты. Арасында Кабананганың өзі де мүмкіндіктерін мүлт жіберіп алды. Арасында 10 минут өткен Марин Аничич таразы басын теңестірді.
Алайда үзіліске дейін «Динамо» қайтадан алға шығып үлгерді. Кариус қателескен стадионда біздің Эрич те қателік жіберді. Абырой болғанда екінші таймның қосымша минуттарында Роман Мұртазаев «Астананың» екінші голын соғып, командасына бір ұпай сыйлайды.
«Динамо» (Киев, Украина) – «Астана» (Астана, Қазақстан) – 2:2Голдар: Цыганков, 11 (1:0). Аничич, 20 (1:1). Гармаш, 45+2 (2:1).Мұртазаев, 90+4 (2:2).«Динамо»: Бойко, Сидорчук, Вербич, Цыганков (Морозюк, 90), Гармаш (Дуэлунн, 79), Пиварич, Бурда, Буяльский (Шепелев, 90+3), Русин, Кадар, Кендзера.
«Астана»: Эрич, Рукавина, Аничич, Кляйнхайслер, Энрике, Томасов (Мұртазаев, 88), Маевский, Алмейда (Мужиков, 80), Кабананга (Янга, 82), Постников, Шомко.
Бас төреші: Халис Озкахья (Түркия)
20 қыркүйек. Киев. Олимпиадалық стадион.
https://youtu.be/lhbzkZIHfco