"Астана" - Исландия құрамасының ойыншысымен толықты

17.06.2019, 16:41
"Астана" - Исландия құрамасының ойыншысымен толықты
"Астана" сапына еркін агент ретінде қосылды. "Астана" еуро бəсеке алдында құрамды күшейтуге кірісті. Бүгін клуб Исландия құрамасының жартылай қорғаушысы Рунар Мар Сигурьонссонмен келісім-шарт жасасты. Рунар соңғы 3 жылда Швейцарияның "Грассхоппенрс" пен "Сант Галлен" командаларында доп тепкен. Осы маусымда "Гроссхопперс" үшін 16 ойын өткізіп, 5 голдың авторы атанған. Ал Исландия құрамасының сапында 22 ойынға қатысып, бір гол салған. 2016 жылғы табысты Еуропа чемпионатында өз елінің бірінші командасы үшін барлық ойынға қатысқан.  

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×