![](https://sun9-6.userapi.com/c7006/v7006421/50f6d/wLJuwJGTpzg.jpg)
Черногориядағы «Сутьескаға» қарсы сырт алаңдағы кездесу «Астана» командасының еурокубоктердегі 50-ші ойыны ретінде тіркелді.
Елорда командасы осы 50 ойынның 18-де жеңіске жетіп, қарсыластар қақпасына 65 гол соққан.
Айта кетейік, Қазақстанның төрт дүркін чемпиондары еурокубоктердегі алғашқы кездесулерін 2013 жылы болгариялық «Ботев» командасына қарсы өткізген.
Осылайша, астаналықтар 5 жылға жетпес уақытта еурокубоктерде 50 матч өткізіп үлгерді.
«Астана» сапында осы 50 ойында ең көп рет Дмитрий Шомко (44 матч) алаңға шыққан. Одан бөлек, 40 ойын өткізген Абзал Бейсебеков пен Ненад Эрич бар.