“Астана” БАӘ ОЖЖ кімдерге қарсы кездесу өткізді?

Елордалық ұжым Біріккен Араб Әмірліктеріндегі жаттығу жиындарында жоспарға қойылған 5 матчтың 3 жеңіске жетсе, 1 жеңіліп, 1 тең ойнады. Кезекте тағы бір матчтың тұрғанын айта кетейік.

“Астана” БАӘ ОЖЖ кімдерге қарсы кездесу өткізді?

Алғашқы жиынды 14 қаңтарда бастаған “Астана” 31 қаңтарға дейін бір ғана кездесу өткізді. Армениялық “Урартуға” қарсы матч 0:0 есебімен аяқталып, жеңімпаз анықталмаған күйде қалған еді. 

Аздаған үзілістен кейін Бабаян шәкірттері Араб Әмірліктеріне қайта келіп, бұл жолы төрт ойын өткізді. Алғашқы матчта “сары-көктер” “Галф Юнайтедті” 4:2 есебімен тізе бүктірді. Одан кейін 11 ақпанға жоспарланған “Элит Фальконсқа” қарсы кездесуде “Астананың” пайдасына 3:0 есебімен шешілді. Елордалық ұжымның жеңісті сериясын “Краснодармен” өткен ойында нақтылай түсті. РПЛ үздік ұжымына қарсы аталмыш матч 4:2 есебімен аяқталды. Өкінішке орай, 17 ақпанда ойнатылған “Астана” - “Ростов” арасындағы кездесудің тағдырын бір гол ғана шешіп кетті. Ол голдың өзін ресейлік ұжым салып, еліміздің бірнеше дүркін чемпионының ОЖЖ алғашқы жеңілісіне ұшырауына сеп болды. 

Айта кетейік, ендігі кезекте “Астана” 21 ақпан күні мәскеулік “Спартакқа” қарсы маңызды бір ойын өткізіп, ертесіне елге жол тартады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×