Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіндегі "Астана" - АПОЭЛ жұбының ойыншылар құрамының бағасы жарияланды.
Sports.kz басылымының Transfermarkt.de сайтының ақпараттарына сүйене отырып жасаған салыстырмасына сәйкес, Қазақстан чемпиондары кипрлік клубтан бір миллионға қымбат екен.
Кипрлік клуб ойыншылары 23,15 миллион еуро тұрады. Ең қымбат ойыншылары - жартылай қорғаушылар Гайяс Захид және Роланд Шаллаи 2 миллионға бағаланады. 1,5 миллиондық үш ойыншы қорғаушы Эмилио Нсуэ мен шабуылшылар Реза Гучаннеджад және Томми Оар бар екен.
Ал, "Астананың" құрамы 24,15 миллион еуроға бағаланған. Ең қымбат ойыншысы Педро Энрике — 3 миллион еуро, екінші Қазақстан құрамасының қорғаушысы Дмитрий Шомко 2,5 миллион еуро, одан кейін хорват ойыншысы Марин Томасов 2 миллион еуро тұрады екен.
Естеріңізге сала кетсек, қарсыластар арасындағы алғашқы кездесу 23 тамызда Никосияда (Кипр), қарымта кездесу 30 тамызда Астанада өтеді.