Аспаннан қызыл қағаз жауған матч

13.11.2020, 19:13
Қызбалықты басатын қызыл қағаз.
Аспаннан қызыл қағаз жауған матч

Футбол командалық ойын болғандықтан алаңда текетірес және келіспеушілік өте көп орын алады. Бұл спорттың да өз ережелері бар екені барлығына мәлім. Егер футболшы қарсыласына қарсы ойын тәртібін бұзса немесе тағы да басқа дөрекі әрекеттерімен көзге түссе, бас төреші сары қағаз бен қызыл қағазға жүгінеді. Біріншісі тек қана ескерту, ал екіншісі аяқдопшыны тікелей алаңнан қуады. Футбол тарихында ең көп қызыл қағаз қай матчта көрсетілді? Біз бүгін осы сұраққа жауап іздейтін боламыз.

1971 жылы Либертадорес кубогында Аргентинаның «Бока Хуниорс» және Перудің «Спортинг Кристал» клубтары кездескен болатын. Ойын өрескел тәртіп бұзумен өткендіктен, алаң иелерінің тоғыз, қонақтардың он ойыншысы қызыл қағазға іліккен.

Бірақ бір матчта барлық 34 футболшы алаңнан қуылған дегенді естуіңіз бар ма? Иә, ол кездесуде негізгі және қосалқы құрам аяқдопшылары да қағаздың қызылымен жазаланған. Және мұндай жағдай футболда екі рет орын алған.

Бірінші оқиға Аргентинаның бесінші дивизионында өнер көрсететін «Клэйпол» мен «Викториано Аренас» командалары арасында болған. Қанды қырғын 2011 жылдың 26-ақпанында өткен. Есеп алаң иелерінің пайдасына 2:0 болып жатқанда, ойыншылар жаға жыртыса бастаған. Сөйтіп бас төреші Дамиано Рубиноның барлық 34 футболшыға қызыл қағаз көрсетуден басқа амалы қалмаған. Үш күннен соң барлық жағдай футбол басшыларының мұқият қаралымынан өтіп, Рубиноның шешімі өзгертілген. Тек қана жеті қаһарман, «Клэйполдың» сапынан төрт, қонақтар қатарында үш аяқдопшы жазаланған.

Екінші «толығымен қуылу» 2012 жылдың 21-қазанында Парагвайдағы Каакупе қаласында болған. Ол жақта жас командалар «Тениент Фаринья» мен «Либертад» күш сынасқан. 87-минутқа дейін кездесу бір қалыпта өрбіген. Дәл сол уақытта бас төреші Нестор Гильен екі командадан бір-бір футболшыны ойыннан қуған. Олар кетіп бара жатқанда, «Либертад» аяқдопшысы қарсыласын балағаттаған. «Ер шекіспей, бекіспейді» демекші, «Тениент Фаринья» тәлімгері де оған жұдырық ала жөнелген. Жүйкелері сыр берген екі команданың негізгі және қосалқы құрам ойыншылары бір-бірімен қырық пышақ болып, дау-дамайға түскен. Нәтижесінде Нестор Гильен аргентиналық әріптесінің ерлігін қайталап, қалтасындағы қызыл қағазын 34 рет көрсетуге мәжбүр болған.

Мақала «Футбольные Байки» кітабынан аударылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.55
П2
8.85
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.966
Ничья
3.99
П2
3.745
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.943
Ничья
3.915
П2
3.905
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.519
Ничья
4.94
П2
6.06
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.365
Ничья
3.585
П2
2.223
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.421
Ничья
3.81
П2
2.854
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
3.72
Ничья
3.895
П2
1.999
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.088
Ничья
13.6
П2
30
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.69
Ничья
4.53
П2
4.685
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.162
Ничья
8.85
П2
19
Aladop Youtube
×