Асхат Тағыберген: "Екі апталық үзіліс командалық ойынға өз əсерін тигізді"

17.06.2019, 04:43
Асхат Тағыберген: "Екі апталық үзіліс командалық ойынға өз əсерін тигізді"
"Қайсар" командасының капитаны Асхат Тағыбергеннен  "Астанамен" болған матчтан кейінгі пікірін білген едік. "Бүгінгі жеңілістің басты себебі қорғаныста жүйелі ойын көрсетпеуіміз дер едім. Өйткені, өз қақпамыздың алдында жиі-жиі қателікке бой алдырып жаттық. Бір жағынан "Астана" ойыншыларының деңгейі бір саты жоғары екенін де мойындауымыз керек. Оған қоса өзіміз ойнап жүрген ойын ритмін жоғалтып алғандай болдық. Енді осы ойынды бас бапкермен қайта қарап қателіктермен жұмыс істеуіміз қажет". -Сіз командаға ұлттық құрама сапындағы матчтардан оралдыңыз. Физикалық дайындық жетіспеді деп ойламайсыз ба?  Физикалық дайындық жағынан кем түстік дей алмаймын. "Астана" сапындағы футболшылар да өз құрамаларында ойын өткізді. Дегенмен, екі апталық үзіліс біздің ойынымызға əсерін тигізді. Өйткені, біршама уақыт бірге алаңға шықпаған соң шамалы құлдырау болмай қоймайды.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×