Артуро Видаль 8 жыл қатарынан чемпион болды

30.04.2019, 01:31
Артуро Видаль 8 жыл қатарынан чемпион болды
Чемпион атанудың сырын чилилік жартылай қорғаушыдан артық білетін ойыншы санаулы болар. "Барселона" осымен екінші жыл қатарынан Примераның жеңімпазы атанды. Аталған көрсеткіш Артуро Видаль үшін қатарынан 8 жыл қайтананып отырған жағдай. Ол кəртамыс құрлықта 8 жыл үзбестен өзі тер төккен біріншіліктерде топ жарумен келеді. Мысалы, 2012-2015 жылдардың арасында "Ювентуспен" А сериясында 4 жыл чемпион болса, 2016-2018 жыл арасында 3 рет "Бавариямен" Бундеслиганы бағындырған. Енді міне, биыл блауграна қатарында үздік атанды. Айта кетейік, Артуро аталған 3 клуб жейдесінде негізгі құрам ойыншыларының бірі ретінде ойнаған.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×