"Зениттің" бұрынғы ойыншысы Андрей Аршавин бір кездері өзінің мансабын "Кубань" және қазақстандық "Қайратта" жалғастыруының себебін айтты.
"Мен "Кубаньға" Дмитрий Валерьевич (Хохлов) қоңырау шалғаны үшін бардым, ал "Қайратқа" клуб президентін білетіндіктен. Мен мүлдем өкінбеймін.
"Қайрат" соңғы 16 жылда алғаш рет чемпион атанды. Мен Алматыда өткізген уақыт өте керемет болды. Кейбір стадиондарда балалар мен жасөспірімдерге ғана жағдай жасалған, тіпті раковинада жуынған кезіміз де болды. Ол жердегі жасанды алаңдар қорқынышты. Мені чемпиондығын тойлау үшін шақыра ма? Олар шақырғанның өзінде менің баруым екіталай", - деді Аршавин.
Андрей "Кубаньда" 2015 жылы ойнады. Ал 2016-2018 жылдар аралығында "Қайраттың" намысын қорғады.
Біздің серіктес: FONBET