Арсен Венгер Тьерри Анридің "Бордо" клубына бас бапкер болғысы келетінін айтты. Француздық клуб бас бапкері Густаво Пойетті қызметінен босатқаннан кейін орнына лайықты үміткерлерді қарастырып жатқан көрінеді.
"Иә, Тьерри "Бордоны" жаттықтырғысы келеді. Ол ақылды әрі бас бапкерге тән барлық қасиеттерге ие", - деп атап өтіпті Венгер. Дәл қазіргі уақытта Анри Бельгия құрамасының бас бапкері Роберто Мартинестің көмекшісі қызметінде.Біздің серіктес: FONBET