Ардагер футболшы Дастан Сәтпаевтың ұлттық құрамаға шақыртылуы жайлы: бұдан футболшының өзі де Қазақстан құрамасы да ұтатыны анық

05.03.2025, 16:52

Қазақстан құрамасының бұрынғы футболшысы Павел Евтеев Sports.kz-ке берген сұқбатында Дастан Сәтпаевтың ӘЧ-2026 іріктеуіне қатысатын ойыншылардың кеңейтілген тізіміне алыну себебін түсіндірді.

Ардагер футболшы Дастан Сәтпаевтың ұлттық құрамаға шақыртылуы жайлы: бұдан футболшының өзі де Қазақстан құрамасы да ұтатыны анық
Дастан Сәтпаев "Астана" қақпасына салған голын тойлауда

Айта кетейік, кеше ұлттық команда бас бапкері Әли Әлиев наурыздағы Уэльс пен Лихтенштейнге қарсы өтетін іріктеу мачтарына шақырту алған футболшылардың тізімін жариялаған болатын. 

«Дастан жаңа маусымдағы өнерінің арқасында құрамаға шақырту алуға лайықты екенін байқатты. Егер ол қортынды тізімге енетін болса бұл Сәтпаевтың мансабына оң әсер етуі тиіс. Бұдан футболшының өзі де Қазақстан құрамасы да ұтатыны анық. Өзінің деңгейі мен сапалы ойын өрнегін көрсете алғандар міндетті түрде ұлттық команда қатарына шақыртылып, нәтижеге жетуге үлестерін қосулары тиіс», - деді отанық маман.

Айта кетейік, Дастан Сәтпаев ҚПЛ-2025-тің бірінші турындағы «Астана» - «Қайрат» матчында доп тепті. «Астана Аренада» болған бәсекеде Дастан Сәтпаев алаңға бірінші тайм барысында шығып, 69-минутта мергендік танытқан. Бұл 16 жасар шабуылшының ҚПЛ-дегі дебюттік голы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×