«Ақтөбенің» бас бапкерлігіне үміткер тағы бір кандидаттың есімі белгілі болды

08.11.2020, 02:13
Команда бапкер болуға лайықты екі үміткерді анықтады
«Ақтөбенің» бас бапкерлігіне үміткер тағы бір кандидаттың есімі белгілі болды

Metaratings.kz сайтының мәліметі бойынша, "Шахтердің" бұрынғы жаттықтырушысы Николай Костов Премьер-лигаға оралған "Ақтөбе" командасының бас бапкері қызметіне басты үміткерлердің бірі болып табылады.

57 жасар болгариялық маман екі маусым бойы "Шахтерді" жаттықтырған болатын. Қазақстан чемпионатында оның командасы сегізінші және тоғызыншы орындарды иеленді. Қарағандылық командадағы қызметін босатқаннан кейін Костов жұмыссыз қалды.

Қазақстанға дейін Костов Кипр, Украина, Армения, Ресей және Болгарияның бірқатар клубтарын жаттықтырған. Ол 2002 жылы "Анортосис" клубымен бірге Кипр Кубогын жеңіп алды, және ол кезде Костов жаттықтырушының көмекшісі болған еді.

Осылайша, "Ақтөбе" команда жаттықтырушысы лауазымына екі негізгі үміткерді анықтады - Николай Костов пен Дмитрий Кириченко.

Бұған дейін "Ақтөбе" Ресей ұлттық құрамасының бұрынғы шабуылшысы Кириченкомен келіссөздер жүргізіп үлгергені туралы хабарланған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×