«Ақтөбеге» қаралымға келген екі футболшы командадан кетті

17.02.2021, 21:43
Екі футболшы да «Ақтөбе» сапында екі матч өткізді.
«Ақтөбеге» қаралымға келген екі футболшы командадан кетті

Гвинея ұлттық құрамасының қорғаушысы Секу Конде мен ресейлік жартылай қорғаушы Евгений Козлов "Ақтөбенің" орналасқан жерінен кетіп қалды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Гвинея құрамасының 27 жастағы қорғаушысы Секу Конде соңғы екі маусым бойы франциялық "Шатору" клубында ойнады. Одан бөлек, Украина мен Израильде де доп тепкен.

Евгений Козлов - "Зенит" клубының түлегі. Ол сонымен қатар Ресейдің "Витязь", "Волга", "Динамо-СПб", Финляндияның "Лахти", Беларуссияның "Шахтер-Солигорск", сондай-ақ Латвияның "Спартак Юрмала" және "Вентспилс" командаларында ойнаған. Латвия чемпионатының соңғы маусымында 26 матч өткізіп, 11 гол соқты, 3 нәтижелі пас берді. Екі ойыншы да "Ақтөбе" сапында екі жолдастық кездесу өткізді, бірақ келісімшартқа отырған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×